Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Облыста алдағы 5 жылда 93 елдімекен жаңғыртылады

"Жаңғырту жұмыстары Атырау облысының 2025 жылға дейінгі кешенді даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылады" деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушовтың айтуынша, аталған кешенді жоспар қала көлемінде ғана емес, облыстағы ауылдық елдімекендердің әлеуетін көтеруді мақсат етіп отыр.

"Атырау облысында 155 елдімекен бар.   Алдағы 5 жылда 93 елдімекенді жаңғырту жоспарда. Жоспар бойынша, әр жыл сайын 16-17 елдімекен жаңғыртылады. Айталық, белгілі бір елдімекенде спорттық кешен болмауы мүмкін, мұндайда спорт алаңын дайындап беруіміз керек. Өзге де медициналық,   жарық, газбен жабдықтау сынды мәселелерді 5 жылда шешуді мақсат етіп отырмыз" деп атап өтті Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов.

Еске сала кетелік,  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен былтыр елімізде "Атырау облысының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді даму бағдарламасы" қабылданған болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT