Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Облыс әкімінің орынбасары Атыраудың әр тұрғынын халық санағынан өтуге шақырды

Брифинг барысында Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов атыраулықтарды ұлттық халық санағына белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

– Санақ науқанының аяқталуына санаулы күндер қалды. Өкінішке қарай, санақтан өткендердің саны бойынша Атырау облысында мәселе әлі де бар.

Біздің нұсқаушыларымыз күнде қиындыққа тап болуда. Үйді-үйді аралау кезінде тұрғындар есік ашпайды, кейбіреулері байлаулы иттерін босатады.

Халық санағының мемлекеттік басқаруда шешуші рөл атқаратынын тағы бір рет еске салғым келеді.

Халық санағы елімізде қанша адам тұрып жатқанын білу үшін ғана емес, стратегиялық жоспарлауға да керек.

Алдағы 10 жылда қанша балабақша мен мектеп салу керек, қанша адам жұмыссыз екенін және сол арқылы елдің біртұтас портретін жасау үшін де санақтан өту маңызды,'' деді Нариман Таушов.

27 қазандағы ақпарат бойынша, Атырауда 553 954 тұрғынның халық санағынан өткені белгілі болды. Бұл облыс тұрғындарының жалпы санының 83,4 пайызын құрап отыр.

Өңірде санақ қызметкерлері бригадасында 703-ке жуық қызметкер бар, оның 594-і интервьюерлер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT