Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгерту туралы шешім қабылданды

Бүгінгі съез барысында «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгерту туралы шешім қабылданды.

Партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов елдегі ең ірі партияны қайта жаңғырту бағытындағы ұсыныстарға қолдау көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын айтты.

«Құрметті делегаттар, бүгінгі съезде партияның модернизациясы тұрғысында айтылған барлық ұсыныстарды, оның ішінде партияның модернизациялау бағдарламасы, жаңа атауы мен белгісі бойынша қабылдау үшін дауысқа саламыз», - деді партияның атқарушы хатшысы. Делегаттар съезде ұсынылған бастамаларды қолдап, тиісті қаулы қабылданды.


ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT