Бұған дейін зардап шегушілерге президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Nur Otan партиясы, премьер-министр кеңсесі, бірнеше министрлік пен орталық органдардың қызметкерлері көмек көрсеткен болатын.
НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым — Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысының Арыс қаласындағы жарылыстар кезінде зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аударды.
"Елбасы мен Тұңғыш президент кеңсесінің қызметкерлері өздерінің біркүндік жалақыларын тиісті қорға аударды.
Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықты жерлестеріміздің қайғысы мен болған трагедияға бей-жай қалмауға шақырады" деп жазды ҚР тұңғыш президенті – Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter-дегі парақшасында.