Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Нəзік жанды полицей

Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылының тумасы Әйгерім Сүйінова - тәуелсіздік құрдасы.

Ел басына азат күн туғанда дүниеге келген ару қазіргі таңда - Полиция капитаны. 2007 жылы Сағыз ауылындағы №9 орта мектебін бітіріп, 2007-2010 жылдары Ақтөбе экономика-құқық колледжіне құқықтану мамандығында оқыған. 2010 жылы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетіне заң факултетіне оқуға түскен.

2015 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы полиция бөліміің ІІО-на қызметке қабылданып күні бүгінге дейін қызмет етіп келеді. Қазігі кезде Қызылқоға аудан полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің Ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы болып қызмет атқарады.

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде жақсы нәтижелерге қол жеткізгені үшін Атырау облысы полиция департаменті басшысының бұйрығына сай 2016 жылы алғыс жарияланса, 2017 жылы аудан әкімінің алғыс хатымен, 2018 жылы Атырау облысы полиция департаменті басшысының грамотасымен, 2019 жылы Облыстық жас тәртіп сақшысы сайысында алғыс хатымен Сағыз ауылдық округ әкімінің «Жыл үздігі-2020» номинациясымен марапатталған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521