Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мұнай өңдеу зауытында жерасты құбырының ақаулы бөлігі қалпына келтірілді

 Атырау мұнай өңдеу зауытында автобензин айдауға арналған жерасты құбырының ақаулы бөлігі толығымен қалпына келтіріліп, отынның ағып кетуі жойылды.

Еске салайық, бұған дейін №33 резервуар паркіне тауарлық бензин компоненттерін айдау желісінде зақымдану анықталған болатын. Жауапты мамандар құбырды резервуардан ажырату шараларын қабылдады. Төгілген мұнай өнімі сорылып, өңдеуге жіберілді. Оқиғаның себептері мен қабылданған шаралар туралы қосымша ақпарат арнайы комиссияның жұмысы аяқталғаннан кейін хабарланады. «АМӨЗ» ЖШС жұмысын штаттық режимде жалғастыруда. Мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру және жөнелту процесі Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT