Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Миялылық тұрғын қомақты қаржысын тауып берген полицейге алғысын айтты

Қызылқоға ауданының Миялы селосы тұрғыны аудандық полиция бөліміне белгісіз жағдайда 45000 (қырық бес мың) теңге көлеміндегі ақшасын жоғалтып алғаны туралы хабарлама түсірген.

Хабарлама бойынша, сол аумақта қызмет атқарып жүрген учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Сержан Қаратаев ақшаның қашан, қалай жоғалғаны туралы деректерді сұрастырып, біледі. Арызданушы азаматшаның кәмелетке толмаған 7 жастағы қызының дүкенге барып, молынан тәттілер алғанын естіген инспектор, анасының қатысуымен баламен сөйлеседі.

Сөйтіп, полиция инспекторы баланың көрсетуімен азық-түлік дүкеніндегі сатушыға оқиғаны түсіндірді. Қолында мол ақшасы бар кішкентай қыз баланың келіп, бірнеше түрлі тәттілерге қолындағы 45000 (қырық бес мың) теңгені беріп кеткен. Жоғалған ақшасын жедел іздестіріп, тауып берген учаскелік полиция инспекторы Сержан Қаратаевқа риза болған аудан тұрғыны алғысын айтып, қызметіне сәттіліктер тіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521