Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Миялылық көп балалы ананың баспаналы болуына жәрдемдесті

Осыдан 2 жыл бұрын ауданымызда "Қызылқоға - құтты мекен" атты қайырымдылық қоры құрылған болатын.

Аталмыш қор бәріңізге белгілі деп ойлаймын. Себебі, бұл қайырымдылық қорының осыған дейінгі қарапайым халыққа танытқан қамқорлығы мен көмегі зор. Соның бір дәлелі - бүгінгі аудан орталығында тұратын төрт баланың анасы Гүлжауһар атты анамызға сыйлаған қуаныш.

Әрине, мұның барлығы Алла разылығы үшін жасалып жатқан сауаптар деп ойлаймын. Дегенмен де, жас та болса бас болып, осынау берекелі істерді ұйымдастыруға атсалысып жүрген Ризабек Амантаев пен оны қолдап жүрген барша аудан тұрғындарына амандық тілейміз.

Осы ретте, аталмыш қор төрағасы Р.Амантайұлы:

Осыдан бірнеше ай бұрын Алланың қалауымен "1000 теңгеге баспана" жобасымен қорға ақша жинап бастадық. Ондағы мақсатымыз баспанаға мұқтаж болған жандарды тұрғын үймен қамту.  Азды-көпті уақыттың ішінде елдің қолдауымен  1 миллион теңге көлемінде қаражат жиналып, көмек берген болатынбыз. Осы қаражат іргетасы қаланып тұрған үйдің бой көтеруіне аз да болса септігін тигізді деп ойлаймын. Бүгін Алланың қалауымен,  ағайынның ізгі ниетімен 4 перзентті тәрбиелеп отырған Гүлжауһар анамызға баспананың кілті табыстадық,-дейді.

Біз де барша ағайынға мың алғыс деп, берген садақаларыңыз берекелі болсын демекпіз!

Айымгүл ЖАЛҒАСҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521