Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Миялыдан төрт құдық қазылды

Миялы ауылына «Қазсушар» мекемесімен «Қарасу» жер асты су қорынан 6 ұңғыма арқылы жеткізілуде.

Ауылішілік су құбырларының ұзындығы 92,5 шақырымды құрайды. Алайда, өзен суының көптен тасымауына байланысты жер асты сулары тартылып, қазылған 2 ұңғымадан су шықпай тұр. Қалған 4 ұңғымадан ауыз су берілгенімен ауыл тұрғындарын толық көлемде қамтамасыз ете алмауда. Сол себепті жаз мезгілінде ауыл тұрғындарына ауыз су уақытпен беріліп келеді.

Сондай-ақ, «Қарасу» жер асты су қорының азаюына байланысты «Тайсойған-Миялы» ауылдарының аралығына топтық су құбырын тарту үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, жобалаушы мекеме жұмысына кірісті. Жоба жыл аяғына дейін жасақталады деп күтілуде.

Бұл жобаның іс жүзінде жүзеге асуын күтіп отырмай, тұрғындарды ауыз сумен қамтуды тиімді ұйымдасыру мақсатында ауыл ішінен төрт жерден ауыз су құдықтары қазылды. Тұщы су көздерін анықтау және құдықтарды қазу кезінде ауыл ақсақалдарының нұсқауына құлақ асып, жеке кәсіпкерлердің көмегіне жүгіндік. Атап айтсақ, «Жаңа Арна» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Қазсушар» РМК-ның аудандық өндірістік учаскесі техникаларымен, жеке кәсіпкер Наурызбай Шамұратов жер асты суын бұрғылау құрылғысымен өз көмектерін көрсетсе, Мұқыр ауылдық округінің әкімімен бірлескен жұмыстар нәтижесінде ауыз су құдықтарының ішіне салуға арналған бетонды сақиналар (кольцо) алынды. Аталған жұмыстар қорытындысымен қазіргі таңда төрт құдық та халық игілігіне жұмыс жасап тұр, - дейді Миялы ауылдық округінің әкімі Сәндібек Салықов.

Өз тілшіміз

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521