Жалпы ұзындығы 11 шақырым болатын 16 көшеде жүріп жатқан тас жолдың құрылысы 2021 жылы басталды.
Бұл ауыспалы құрылыс жұмыстары қатарына жатады. Осы жылдың желтоқсан айына дейін ауылішілік автокөлік жолдары мен жаяу жүргіншілерге арналған жол толықтай аяқталып, пайдалануға беріледі,- деп хабарлайды Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ауылішілік жолдың құрылысын «Атырау көлік» ЖШС жүргізіп жатыр. Жоба бойынша жолдың екі қабат жабындының астыңғы қатары толық төселді. Бүгінде ірі түйіршікті жабындысы құйылу үстінде.
Бұдан бөлек, осы жылдың аяғында Миялы ауылындағы негізгі және жаңадан қосылған 28 көшеге қосымша жол құрылысы басталады деп күтілуде.