Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Миялыда су сору жұмыстары жүргізілуде

Биылғы жауған қар ақпан айының соңғы күндері күрт еріп, аудан халқын әбігерге салуда.

Оған өткен аптаның сенбі, жексенбі күндері жауған жаңбыр қосылып, ауыл ішін одан сайын көлшікке айналдырды. Соған сай, аудан әкімдігі жанынан су тасқынына қарсы жұмыстары жөніндегі штаб құрылып, қазіргі таңда күндіз-түні су сору жұмыстары жүруде.

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық, жұмылдыру дайындығы және төтенше жұмыстар жөніндегі бөлім басшысы Азамат Қаленовтің айтуынша алғашқы күндері су сору жұмыстарына «Тазалық» ЖК-нің «Вакум» көлігі, аудандық электрмен қамту орталығының «Ямобур» жер тесетін көлігі және төтенше жағдайлар бөлімінің 3 суатқыш мотопомпасы жұмылдырылды. Кейіннен көмекке «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының су атқыш агрегаты мен су тасуға арналған 20 тонналық «Камаз» көлігі келді. Ал, Миялы ауылдық округінің әкімі Сәндібек Салықовтың мәліметінше 25 ақпаннан бастапокруг көлемінде кезекшілік ұйымдастырылып, сағат таңғы тоғыз бен түнгі он екі аралығында су сору жұмыстары жүруде. Күні бүгінде су басқан 15 көше мен тұрғын үй судан тазартылды. Төтенше жағдай жұмыстарына барлығы 50 адам тартылып, судан тазарту жұмыстары жалғасуда.

2c6a47d6-d272-40e1-9726-ead03ce97ed0

Сонымен қатар, таяуда «WhatsApp» желісінде «Сағыз-Миялы» тасжолын су шайып кеткендігі туралы хабар тараған болатын. Төтенше жағдайға жауапты мамандардың айтуынша, бұл жағдай Сағыз ауылынан 12 шақырым қашықтықта орын алған. Еріген қар суы асфальттың ой жеріне жиналып, 30-40 метрдей тасжолдың бойына жайылған. Әлеуметтік желілерге таралғаннан кейін аудандық полиция бөлім дереу кезекшілік ұйымдастырып, көліктердің қауіпсіздігін бақылады. Ал, сенбі күні «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының су атқыш агрегатының көмегімен су сорылып, тасжол толықтай тазартылды.

Дулат МӘТЖАН

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521