Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Миялы карантинге жабылды

10 маусымнан бастап Миялы ауылына адамдар мен автокөліктердің кіріп-шығуына тыйым салынып, карантин жарияланған уақыттан бастап басқа ауылдардан, қалалардан келген миялылықтарға 72 сағат ішінде ауылға кіруге рұқсат етілді.

Миялы және Мұқыр ауылының тұрғындары жұмыс орнына, азық-түлік дүкеніне, дәріханаға барғанда медициналық бетперде тағып, ара қашықтықты 1,5-2 метрге дейін сақтауы тиіс. Ал, 65 жастан асқан адамдар аса мұқтаждық болмаса үйлерінен шықпағаны жөн. Және балаларды тұрғылықты жерінен 50 метрден аспайтын радиуста 30 минуттан артық серуендетпеуі тиіс.

Аталмыш қаулыға сәйкес, жанар-жағар май бекеттері таңғы сағат 06.00-ден кешкі сағат 21.00-ге дейін жұмыс жасаса, «Қазпошта» АҚ филиалының жұмыс уақыты таңертеңгілік сағат 09.00-ден кешкі сағат 17.00-ге дейін болып белгіленіп, такси қызметі, мешіттер, халыққа қызмет көрсету орталығы, азық-түлікке жатпайтын сауда орындары, мәдениет және спорт кешендері, фотосалондар, тігін ательесі мен аяқ киім жөндеу шеберханалары, тұрмыстық және оргтехника жөндеу орындары, шаштараздар мен сұлулық салондары, компьютерлік клубтар және тағы да басқа осыған ұқсас қызмет көрсету нысандары жұмыстарын тоқтатты.

Өзімен бірге алып кету және жеткізу қызметімен қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс режимі сағат 21.00-ге дейін белгіленді. Ал, кешкі сағат 21.00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін Миялы ауылының тұрғындары мен көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылды. Сондай-ақ, қаулыда тойхана иелеріне отбасылық мерекелерді тойлау үшін тұрғындардан тапсырыстар қабылдауға тыйым салынып, күндізгі, түнгі уақыттарда салтанатты отбасылық іс-шараларды (туған күн, үйлену тойы, қалыңдықты шығарып салу, құдалық және т.б.) өткізуге де болмайтындығы көрсетілген. Қаулыға сәйкес карантиннің ұзақтығы – 14 күн. Яғни, 24 маусым күні сағат 07.00-ге дейін.

Өз тілшіміз

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521