Жаңа Конституция жобасында білім мен ғылым, мәдениет пен инновациялар мемлекеттің негізгі басымдықтары ретінде айқындалды. Бұл бағыттар адами капиталды дамытуға және елдің зияткерлік әлеуетін нығайтуға негіз болады.
Сондай-ақ елімізде жаңадан ғалымдардың және жаңалықтардың ашылуына септігін тигізеді. Сонымен қатар мемлекет пен дін арасындағы өзара қарым-қатынасты нақтылау және қоғамдық ұйымдардың жұмысын құқықтық тұрғыдан жетілдіру елдегі тұрақтылық пен келісімге айтарлықтай үлес қосады. Бұл реформалар Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, халыққа жол көрсететін, мемлекеттің миссиясын айқындайтын стратегиялық құралға айналдырады. Жалпы алғанда, жаңа Конституция қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігін арттыруға, құқықтық мемлекетті дамытуға және азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.
Амангелді БАҒДАРОВ,
Миялы ауылдық округі әкімі



