Жаңа Конституция бізге тек құқық беріп қана қоймайды, сонымен қатар жауапкершілік жүктейді. Онда төтенше жағдайлар кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен мемлекеттің жауапкершілігін нақты айқындауға бағытталған нормалардың енгізілуі – қоғам қауіпсіздігін күшейтетін маңызды қадам деп есептеймін.
Табиғи апаттар, техногендік қауіптер және басқа да төтенше жағдайлар кезінде халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі ретінде бекітілуі өзекті. Конституция жобасында төтенше жағдай режимін енгізу тәртібінің, мемлекеттік органдардың жауапкершілігінің және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерінің айқындалуы төтенше жағдайлар кезінде заңдылық пен тәртіптің сақталуына мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз етіп, мемлекеттік институттарға деген сенімді арттырады. Жалпы алғанда, Жаңа Конституция жобасындағы төтенше жағдайларға қатысты баптарды қолдаймын. Олар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тәуекелдерге жедел әрекет етуге және төтенше жағдайлардың салдарын тиімді еңсеруге бағытталған құқықтық негіз қалыптастырады деп санаймын.
Медет ҚАБЫЛҚАЙЫРОВ,
аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс жөніндегі бөлімінің бас маманы



