Бұл жұмыстар Мақат кентіндегі 11 көшеде іске асырылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Бұдан бөлек Мақат кентінің Ө.Есмурзин, Б.Төлекбаев, Е.Аманбердиев, Н.Балғымбаев, Л.Шахатов көшесіндегі 117 жарық бағанасын ауыстыру жұмыстары басталады.
– Аудандағы тозығы жеткен жабдықтарды жаңғыртып, жаңа, сапалы әрі төзімді инфрақұрылым жүргізу осы жылға құрылған маңызды жоспарлардың бірі. Аталған жұсмыстарға тапсырыс беруші Мақат кентінің әкімдігі. Жұмыстар уақытылы басталып, сапалы атқарылуын қадағалаймыз, – деді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Әбілқайыр Қадыров.



