Атырау қаласында инклюзивті бала тәрбиелеп отырған аналардың қатысуымен «Көңілді старт» атты спорттық сайыс ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Сайыс төрт кезеңді қамтыды. Әр кезеңде логиканы дамытуға, тепе-теңдікті сақтауға және ептілікті қажет ететін бес түрлі ойын өткізілді. Шараға 15-ке жуық ана қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарға демалыс сыйлау және бала дамуына қажетті жаңа әдіс-тәсілдермен таныстыру. Сонымен қатар аналардың әлеуметтік ортаға бейімделуін қолдау және олардың бала тәрбиесіндегі біліктілігін арттыру көзделді, – деді «Ерекше ана – Ерекшем 16+» қоғамдық қорының жетекшісі Гүлжан Хусаинова.
Айта кетейік, Атырау қаласында 6 мыңға жуық бала инклюзивті біліммен қамтылған. Сондай-ақ өңірде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған 19 арнайы мекеме жұмыс істейді.



