Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Атырау өнімі» бағдарламасы пластмасса зауытының өндірістік қуатын арттырды

Атырау қаласында 2024 жылдың желтоқсанынан бері пластмасса өнімдерін шығаратын кәсіпорын жұмыс істейді. Нақтырақ айтқанда, зауыт нарыққа тамақ салуға арналған контейнерлер, ПЭТ-преформа және бөтелке қақпақтарын жасайды. Инвестициялық жобаның жалпы құны 200 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Өндіріс заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген және толық автоматтандырылған - желіні іске қосудан бастап дайын өнім шығаруға дейінгі барлық процес автоматтандырылған. Сонымен қатар, өндірісте монокезеңдік технология қолданылады, ол бір өндірістік циклде ПЭТ-гранулдан дайын өнім алуға мүмкіндік береді.

2025 жылдан бастап кәсіпкер Асылбек Абуов «Атырау өнімі» аймақтық бизнесті қолдау бағдарламасының қатысушысы болды. Бағдарлама жергілікті өндірісті дамытуға, өндіріс көлемін ұлғайтуға және шағын және орта бизнеске тұрақты қолдау көрсетуге бағытталған. Бағдарлама шеңберінде өндірісті кеңейту үшін ол қосымша екі станок сатып алу мақсатында 52 млн теңге мөлшерінде жеңілдетілген несие алды.

«Бүгінгі күні біз алты түрлі өнім шығарамыз. Жаңа жабдық орнатылғаннан кейін өнім түрлерін онға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Өндірістік қуатымыз айына 3 млн ПЭТ-преформа және 600 мың тағамдық контейнер шығаруға мүмкіндік береді. Шикізатты KPI компаниясынан сатып аламыз, бұл логистикалық шығындарды едәуір азайтады. Қазір өнімді Атырау облысының нарығына ұсынып жатырмыз, ал болашақта Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары нарығына шығуды және Астрахан облысына экспорттауды жоспарлап отырмыз», — деді кәсіпкер А. Абуов.

Қазіргі уақытта кәсіпорында айына шамамен 15 тонна өнім өндіріледі. Жаңа станоктар іске қосылғаннан кейін өндіріс көлемін айына 80 тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Зауытта 25 жаңа жұмыс орны құрылды.

«Атырау өнімі» бағдарламасы арқылы Атырау және Құлсары қалаларында тіркелген кәсіпкерлер 7% жылдық мөлшерлемемен 70 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие ала алады. Бағдарлама облыс әкімі қолдауымен жүзеге асырылып, оны қаржыландыру үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді.

Кәсіпкердің айтуынша, мемлекеттік қолдау өндірісті кеңейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті бизнестің ішкі нарықтағы позициясын нығайтуда айтарлықтай маңызға ие.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT