Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Министрлік пияз бағасының неге қымбаттағанын түсіндірді

Сауда және интеграция министрлігі пияз бағасының көтерілу себебін жариялады.

Ресми мәліметке сәйкес, биыл елімізде пияз жақсы шыққан. Соған қарамастан, бағасы өте қымбат болып тұр. Жыл басынан бері пияз бағасы 109 процентке (2 есе) өсті. Бұл - соңғы 4 жылдағы ең жоғары өсім. Оған қоса, пияздың бағасы апта сайын орта есеппен 2-3%-ке өсіп келеді.

"Республика бойынша пияздың орташа бағасы 191 теңге болса, Алматы облысында ең жоғары бағасы 308 теңге көлемінде тіркелді. Қазақстанның ішкі нарығында пияздың қымбаттауы көршілес нарықта пиязға сұраныстың артуы және экспорттық бағаның жоғары болуымен байланысты. Сондықтан Қазақстаннан көрші нарыққа пияз экспортының көлемі артты", - дейді министрліктің ресми өкілі Әлішер Өмірзақ.

Ал бақылаусыз экспорттың салдарынан ішкі нарықта пияз тапшылығы болуы мүмкін. Сол себепті ведомствоаралық комиссия талдау жасаған. Сол кезде фитосанитарлық рұқсат беру уақытша тоқтатылған болатын. 22 шілде ведомствоаралық комиссия пияз экспортына тыйым салудың қажеті жоқ деген шешімге келді. Өйткені арнайы жүргізілген талдау ішкі нарықта пияз тапшылығы қаупінің жоқтығын көрсетті.

Бүгінгі таңда облыстар 34 мың тонна пиязбен қамтамасыз етілген. Бұл ай сайынғы тұтынудың 132 процентін құрайды. Осыған байланысты фитосанитариялық рұқсаттарды қайта беру шаралары басталуы тиіс", - деп атап көрсетті Өмірзақ.

 

 

Sputnik.kz

Сурет ашық дереккөзден алынды

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT