Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысып, бақ сынаңыз!

Атырау облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының тұжырымдамасы жарияланды.

Аталған ұлттық додада бақ сынаймын деушілер үшін тұжырымдама мәтінін назарларыңызға ұсынамыз. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Кіріспе «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұданәрі – Конкурс) адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Конкурс 15 мамырдан кешіктірілмей жарияланады. Конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама БАҚ-та, сондай-ақ МАМ-ның, ЖАО-лардың және басқа да әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда жарияланады. Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес өткізіледі (Қағидаларға ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 306 және 2022 жылғы 16 қарашадағы № 904 қаулысымен өзгерістер енгізілді). Конкурсты өткізудің мақсаты:

1) Отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;

2) Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;

3) Отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттау;

4) Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау. Menu ATR.KZ Search for bez imeni Home/Қоғам Қоғам «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысып, бақ сынаңыз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT