Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Мемлекеттік қызмет атқару – жауапты қызмет

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады, сондықтан мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей мінсіз атқаруы тиіс.

Бүгінде, мемлекеттік қызметші – білімді адам, дарынды ұйымдастырушы, көптеген салалардың білгірі. Қазіргі заманғы қоғамның даму динамикасы - мемлекеттік аппараттың жүйесін тұрақты түрде дамыту мен жетілдіруін талап етеді. Бұл ретте, мемлекеттік қызметшінің өздігінен дамуы – ең алдымен қызметтік әдебінен бастау алады. Осы тұста, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілеу және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі қабылданды. ​Сәйкесінше, мемлекеттік қызметшілер нақ сол мемлекеттік қызметті өткеру барысында тиісті заңнама және әдеп кодексінің талаптарың қатаң сақтап, өзінің тарапынан орын алатын қандай да бір іс-әрекеттер мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал ететінін әрдайым жадында сақтауы қажет екенін ұмытпағаны жөн.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT