Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мемлекеттік аудит туралы

«Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру кезінде Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану»

Көп жағдайда қарапайым азаматтар облыс деңгейінде Тексеру комиссиясының бар екенін біліп, жоспардан тыс тексеру жүргізеді деп ойлап, белгілі бір сұрақтар бойынша арыз-шағымдарын жолдап жатады.


Алайда, Тексеру комиссиясы сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік орган болғандықтан, өкінішке орай, заңмен көзделген құзірет шегінде мемлекеттік органдардың сұрау салулары немесе жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жоспардан тыс аудит жүргізу заңмен көзделмеген.
Қолданыстағы заң нормаларына сәйкес мемлекеттік аудитті Тексеру комиссиясының тек қана тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі негізінде жүргізіледі.
Ал, жылдық жоспарға өзгеріс енгізу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларына негізделген Есеп комитетінің сұрау салуларын, тиісті мәслихаттардың шешімдерін және Тексеру комиссиясы төрағасының бастамалары негізінде ғана жүзеге асырылады.
Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру үшін Тәуекелдерді басқару жүйелері негізінде арнайы Еліміздің Есеп комитеті бекіткен нормативтік-құқықтық актісі бекітілген.
Тәуекелдерді басқару жүйесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік беріп, оң нәтиже көрсетеді. Өйткені жылдық жоспарды қалыптастыру кезінде қаржылық бақылау органдарына қалаған объектілерді таңдау құқықы берілмеген.
Тәуекелдерді басқару жүйелері дегеніміз – мемлекеттік аудит объектілерінің қызметін бағалаудың сандық және сапалық көрсеткіштері негізінде жүзеге асырылады, бұлардың негізінде оларды мемлекеттік аудитпен барынша қамту мақсатында мемлекеттік аудит объектісін белгілі бір тәуекел тобына жатқызу туралы шешім қабылданады.
Сондай-ақ, Тексеру комиссиясының жылдық жоспарын қалыптастыру кезінде құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың ұсыныстарына талдау жасалып, олардың орындылығы мен өзектілігін қарау үшін Тексеру комиссиясының отырысында талқылауға шығарылады.
Бұдан басқа, жылдық жоспарды жасақтау кезінде, Тексерулердің қайталануын болғызбау мақсатында қаржылық бақылау органдары іс-қимыл қағидаларына сәйкес өзара келісуге міндетті болып табылады.
Аталған қағидалар, Еліміздің барлық азаматтары үшін интернет ресурсында қол жетімді.
Бекітілген жылдық жоспар қаржылық бақылау органдарының интернет-ресурстарында міндетті түрде орналастырылады.
Тексеру комиссиясына жеке және заңды тұлғалардан өтініштер, арыз-шағымдар немесе жолданымдар келіп түскен жағдайда, дереу жолданымда көрсетілген сұрақтарға сәйкес тиісті саланың уәкілетті орагандарына, оның ішінде, Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі немесе Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдарға қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау үшін жіберіледі.


Мақаланы дайындаған: Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі А.Ж.Құмаров.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521