Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Түркістан облысында атқарылған жұмыстар туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, экономиканың негізгі көрсеткіші – жалпы өңірлік өнім көлемінің өсімі былтыр 2020 жылмен салыстырғанда 4,7 пайызға артқан. Ауыл шаруашылығы саласында 906,5 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 101,7 пайызды құрады. Бұл нәтиже облыстың республикадағы үлесі бойынша екінші орынға шыққанын көрсетеді. Аймақ әкімі «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 315 жоба қаржыландырылғанын айтты.

Президентке өңірдегі құрылыс қарқынының артқаны туралы мәлімет берілді. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 4,1 пайызға артты. Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде қалыптастыру жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталып, әлеуметтік инфрақұрылымның негізі қаланғанын жеткізді. Оның айтуынша, облыстың 2021-2025 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспары бекітілген.

Облыс әкімі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Сайрам ауданында жүзеге асырылған «Парасатты дискуссиялық клуб» пилоттық жобасы туралы баяндады. Аталған жоба облыс, аудан, аймақтағы күштік құрылым басшыларының тұрғындармен кездесулерін, ашық әңгімелесулерін қамтамасыз етеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға бере отырып, қолға алынған жобаларды жалғастыруды және халықпен тығыз жұмыс істеуді күшейтуді тапсырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT