Ел басына күн туғанда еріктілердің тигізер пайдасы мол екені ақиқат.
Оған дәлел Мұқыр ауылдық округіндегі «Қайырымды жандар» еріктілер тобының жасап отырған жұмысы. Мұқырлық еріктілер 22-23 наурыз күндері короновирус ауруының алдын алу мақсатында ауыл кәсіпкерлерімен бірлесіп, 200 дана медициналық маска тігіп, ауылдағы мекеме қызметкерлері мен азық-түлік дүкендерінің сатушыларына және тұрмысы төмен отбасыларға таратты.
Бұл орайда, маска тігу ісінде белсенділік танытқан зейнеткер тігінші Дәметкен Ақанаева мен белсенді жас Аякөз Қасымованың еңбегін айта кеткен жөн. Ал, «Қайырымды жандар» еріктілер тобының мүшесі Ботакөз Асхатқызы тағы да 800 дана маска тігіп, тұтас ауылды қамтамасыз етуді жоспарланып отырғандығын тілге тиек етті.
Еріктілер мұндай қайырымдылық шараларды алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп отыр.
Әсем ҚАСЫМ