Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН ТОҚТАТЫЛДЫ

Қызылқоға аудандық сотында талап қоюшы К.М.-ның жауапкер Ж.К-дан жол-көлік оқиғасының салдарынан келген шығынды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы сотқа берген талап арызында меншігіндегі автокөлігін жауапкер басқарып келе жатқан көлігімен соғып, жол-көлік оқиғасын жасағанын,ол бойынша аудандық соттың қаулысымен кінәлі деп танылғанын айтып, көлігіне келтірілген шығын 294 000 теңгені жауапкерден өндіруді сұраған. Сот отырысына дайындық жұмыстарын өткізу кезінде тараптар медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судьяның өзі өткізуін сұрап, өтініш берген. Сондықтан, медиация іс жүргізуінде іс жатқан судьяның қатысуымен жүргізіліп, медиациялық келісімнің шарттары негізінде, жауапкер Ж.талап қоюшы К.М.-ға 294 000 теңге келтірген шығын сомасын әр ай сайын белгіленген кестеге сәйкес бөліп төлеуге міндеттенді, ал талап қоюшы К.М. ол мерзімге келісіп, талабынан бас тартты. Сот ұйғарымымен, жол-көлік оқиғасының салдарынан келген шығынды өндіру туралы азаматтық іс бойынша дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы тараптардың келісімдері тиісті шарттар бойынша бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Сурет: Ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521