Елімізде 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Осы орайда №1 қалалық кітапхана мен Жылыой аналар кеңесінің ұйымдастыруымен С.Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінде «Мамандығым – мақтанышым» атты дөңгелек үстел өтті.
Кітапханашы Қалдыбаева Ғалия «Жұмысшы мамандығы - ел экономикасының тірегі» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Кешті дайындап жүргізген аналар кеңесінің мүшесі, №1 қалалық кітапхана меңгерушісі Нұрсұлу Самсақызы келген оқырмандарға, кеш қонақтарына алғысын білдіріп, сыйға кітаптар ұсынып, кешті қорытындылады.
Өз тілшіміз