Өзгенің малын жайылымда жүрген жерінен ұстап, көлікке тиеп жіберетін ұрылар көбейді.
Қызылқоға аумағында жедел-іздестіру шаралары кезінде Қызылқоға аудандық полиция бөлімі қызметкерлері Қоныстау ауылы тұрғынының далалық алқапта жайылып жүрген сиыр малының жоғалғанын анықтаған.
Іздестіру нәтижесінде бес адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топтың алдын-ала сөз байласу арқылы мал ұрлаған 1977, 1978, 1990, 1997, 1986 жылғы туылған күдікті ауыл тұрғындары анықталып, ұсталды.
Қазіргі таңда, аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 181-1 бабы 3 бөлігі 1 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.