banner_damu

МАХАМБЕТ ДОСМҰХАМБЕТОВ ЧЕХ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Чех Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рудолф Гиклді қабылдады»,- деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық байланыстар мен инвестиция тарту мәселелері талқыланды. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Атырау өңірінің Чех Республикасымен экономикалық байланыстар дамып келе жатқанын атап өтті. Мәселен, 2021 жылдың он айында облыстың аталған елмен сауда айналымы 12,8 млн. АҚШ долларын құраған.

Өңір басшысы сондай-ақ Атырау экономикасы шетелдік инвестицияларды тартуға, бірлескен кәсіпорындар құруға дайын екенін, инвесторларға барлық қолайлы жағдай жасалғанын айтты. Чехия өнеркәсібі жоғары дамыған мемлекет екеніне тоқталып, осы бағытта екі жақты қарым-қатынасты күшейтудің мүмкіндігі зор екеніне тоқталды. Сондай-ақ, Атырау экономикасының мол мүмкіндігімен, соның ішінде «Ұлттық индустриалдық мұнайхимия технопаркі» еркін экономикалық аймағының инвестициялық әлеуетімен таныстырып, чех инвесторларын бірлескен жобаларды іске асыруға шақырды.

Өз кезегінде, Төтенше және Өкілетті елші Рудолф Гикл арадағы экономикалық байланыстарды нығайтуға ниетті екенін, чехиялық бизнес өкілдерінің облыстың бірқатар саласында жұмыс жасауға қызығушылық танытатыны жеткізді.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика