ТШО мердігерлік ұйымының қызметкерлері 5,5 мың тонна құмды елді мекеннен тыс жерлерге әкетті. Жылыой ауданы Майкөмген ауылында "көшпелі" құмдарды тазарту жұмыстары жүргізілді.
Құмды тасу жұмыстары "Теңізшевройл" компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды. Нұржарық ауылының әкімі Сауытов айтып өткендей, үйлері үнемі құммен көмкерілген ауыл тұрғындарының көптен бергі проблемалары шешілді.
- Ауыл тұрғындары бұл мәселені 2022 жылдан бастап ТШО компаниясының өкілдерімен кездесуде көтерді. Биыл ауылды құмнан тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Жалпы, жергілікті тұрғындар үйлерінің аумағынан 5,5 мың тонна құм шығарылды, - деді Майқоген ауылының әкімі Нұржарық Сауытов.
- Ауыл үйлерінің айналасына жиналған барлық құм арнайы құм карьерлеріне тасымалданды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде тұрғындар үйлері мен ауылдық көшелер аумағының жағдайы айтарлықтай жақсарды.
- Майкөмген ауылын құмнан тазарту жұмыстары ауыл тұрғындарының өтініштері негізінде ұйымдастырылып, жергілікті тұрғындардың тұрмыстық жағдайларын жақсарту мақсатында жүргізілді. Жұмыстарға 6 бірлік техника, 8 жұмысшы жұмылдырылды, барлығы 550 рейс жасалды, - деді Құлсары қаласындағы ТШО өкілі Нұрлан Ерғалиев.