Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаттарының өкілеттігі аяқталды. Осыған орай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнаулы Жарлығымен келесі Мәжіліс депутаттарын сайлау науқаны 19 наурызға белгіленіп отыр.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, сайлау науқанын ұйымдастыру және оны өткізу ісінде аумақтық сайлау комиссиялары маңызды рөл атқарады. Енді облыстық сайлау комиссиялары кәсіби түрде тұрақты жұмыс істейді. Бұл шешім сайлауға қатысты іс-шаралардың сапалы атқарылуын қамтамасыз етеді.
«Қазақстанда қарқынды және жан-жақты жаңару үдерісі жүріп жатыр. Бұл сайлау қоғамдағы өзгерістердің көрінісі ретінде саяси жүйеміздің одан әрі жаңғыруына зор ықпалын тигізеді. Қазір әлемде дәл осындай ауқымды өзгерістерді қолға алған мемлекеттер көп емес. Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы мемлекеттік билік институттарын жаңғырту жұмыстарының қорытынды кезеңі болмақ. Осылайша, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты толық іске асады. Біз бір ел, бір халық болып, Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Осы жолда түрлі сын-қатерді еңсеріп, көптеген маңызды міндетті бірге атқаруымыз керек», дейді Мемлекет басшысы. Бұл маңызды шешімге қолдау білдіремін. Сондай-ақ, дамыған, бейбіт ел боп ғұмыр кешуіміз үшін бұл өзгеріс айшықтала түспек.
Мақсот КАРИН,
аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы
фото ғаламтордан алынды