Махамбет ауданына соның ішінде Жалғансай селолық округіне іссапармен барған ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәрсенұлы тұрғындармен кездесіп, референдумның мән-маңызына тоқталды. Атап айтқанда, еліміздің Ата Заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы толықтай баяндап берді.
" Конституцияның 33 бабына 54 өзгеріс енгізіледі. Бұл елімізді демократияландыру, азаматтық қоғамды дамыту жолындағы маңызды қадам" деп атап өтті спикер Серік Ерубаев.
Ауыл тұрғындары 5 маусымда өтетін еліміздің ең маңызды саяси науқанын қолдайтындықтарын жеткізді.
Бұдан бөлек, тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарды қойып, бірқатар мәселелер талқыланды.