Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мәні зор мәлімдеме

 Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдеме жасады. Президент өз сөзінде таратылған Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына  еліміздегі ауқымды реформаларды іске асыруға атсалысқандары үшін алғыс айта отырып, Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауы осы жылдың 19 наурызында өтетіндігін мәлімдеді. 
    Мәлімдемеде айтылғандай енді Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланатын болады. Депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтеді. Ал, аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс береді. Осылайша, Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталады. Сонда сайлаушылардың мүддесі жалпыұлттық және аймақтық деңгейде толық қорғалады. Өкілді билікке түрлі көзқарастағы азаматтардың келуіне мүмкіндік туады. Азаматтық қоғамның одан әрі дамуына айтарлықтай жағдай жасалады. Бұл өте құптарлық бастама. 
Бұдан бөлек Мемлекет басшысы конституциялық реформа аясында саяси партияларды тіркеу рәсімі жеңілдетілгендігін, осы және басқа да жүйелі шаралардың нәтижесінде елімізде көп уақыттан бері алғаш рет бірнеше жаңа саяси партия тіркелгендігін мәлімдеді. Мәлімдемеде бұдан басқа да еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде жүзеге асырылып жатқан бірқатар іс-шаралар туралы айтылды. Әсіресе, сайлау науқанында әйелдер мен жастарға басымдық беру, партиялар арасында саяси бәсекелестікті арттыру, сайлауды ашық әрі әділ өткізу мәселелері қоғам тарапынан жылы қолдау тапты. Ендігі біздің міндет – азаматтық белсенділігімізді көрсетіп, 19 наурызда өтетін сайлауға бір кісідей қатысу. 

Шапиғолла ҚОНЫСБАЕВ,
ауданның Құрметті азаматы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT