Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау, түсіндіру мақсатында Қаракөл мәдениет үйінде «Қаракөл» бастауыш партия ұйымының жиыны өтті.
Жалпы, Мемлекет басшысы Жолдауда қоғамдық өмірдің түрлі салаларын қамтыды. Атқарылатын жұмыстардың барлығы бес институционалдық реформа және Ұлт жоспарын жүзеге асырумен байланысты екендігі негізделеді
. Жолдау қағидаларын іске асыру үшін заман талабына сай тиімді мемлекет, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарқынды дамыған және инклюзивті экономика, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі және Қуатты өңірлер – Қуатты ел деген бес іргелі міндеттер айқындалды. Осы міндеттердің ішінде әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңін бастаудың алты бағытына ерекше мән берілді. Жолдауда айтылғандай билік пен қоғам арасындағы сындарлы диалог әрдайым халық арасында сұраныста.
Диалогтің мақсаты – биліктің жоғары деңгейдегі ашықтығы және халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жедел жауап беру болып табылады. Президенттің бұл Жолдауы еліміздегі көптеген мәселелердің түйінін тарқатқан мәні де, мағынасы да бөлек болды. Соның ішінде ұстаздардың жалақысын көтеру, ауыр қылмыс жасағандардың жазасын күшейту, көп балалы отбасылардың жағдайын жақсарту, ауылдағы дарынды жастарды қолдау сынды мәселелері көптің көңілінен шықты.
Сәндібек САЛЫҚОВ,
Жамбыл ауылдық округінің әкімі
Сурет: ашық дереккөзден