Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

М.Мырзағалиев Атырау мұнай өңдеу зауытындағы су тасқынымен күрес жұмыстарының барысын тексерді

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Атырау қаласына жұмыс сапары аясында АМӨЗ-дегі жағдаймен және су тасқынына қарсы –іс шаралардың барысымен танысты.

Ұлттық компания басшысы зауытта судан қорғану бекеттері салынып, факел қондырғысын, сорғы-компрессорлық станцияны және басқа да технологиялық нысандарды бітеу жұмыстары жүріп жатқан алаңдарды аралап көрді.

Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері кәсіпорын аумағынан басқа Томарлы (Теңдік) кентінде ұзындығы 2500 метр және булану алқаптарының шекарасында 660 метрге созылған қорғаныс бөгеттерін салып жатыр. Жайық өзенінде су жинау қондырғысында су деңгейі бақылануда. Бұдан бөлек, 250-ден астам зауыт жұмысшылары мен 30-ға жуық арнайы техника қаланың және қала маңындағы аудандарда (Геолог, Перетаска және Соколок каналдары) су тасқынына қарсы қорғаныс бөгеттерін тұрғызуға тартылды.

Тексеріс соңында М.Мырзағалиев өңірдегі азаматтық қорғау қызметі өкілдерінің ұсыныстарына сүйене отырып, АМӨЗ-дің жедел штабына су тасқынына қарсы инженерлік жұмысты жүйелі атқарып, одан әрі күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар қорғаныс бөгеттерін салу, топырақ төгу, қосымша техниканы тарту, бейінді мамандармен тәулік бойы байланыста болу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажеттігіне назар аударды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT