Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету адамдардың өмірі мен денсаулығын, меншікті, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі болып табылады.
Өрттің қай жерде және қашан шығуын болжау мүмкін емес. Ол кез келген уақытта қауіпсіздік және техникалық ережелері сақталмаған кезде болып тұратын жайт. Оны болжау да, дәл айту да мүмкін емес.
Өрт – аса қатерлі жау. Сондықтан да бұған бей-жай қарауға болмайды. Күннің күрт ысуына байланысты табиғат өрттердің орын алу қаупі арта түседі. Апатта ыстық пен қуаыңшылық кезінде ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңызы өте зор.
Өрттердің көбі табиғат аясында демалушылар мен тұрғындардың өрт қауіпсіздігін сақтамауы да орны толмас оқиғаларға ұрындырады. Өрттің де судың да артында адамның тағдыры тұр. Қоршаған ортамызды, орманымызды қорғап баршамыз болып атсалысып қам қарекетіміз жеткенше қоқыс, әйнек қалдықтарын тастамайық! Өрт – адам және жануарлар өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекет мүдделеріне материалдық залалын тигізетін қиын апат екенін естен шығармайық. Орманды өрттен қорғау – әрбір адамның міндеті.
Нұрхат ҚУАНОВ,
Индер орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі корғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің инспекторы