Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мүмкіндігі шектеулі жандарды сауықтыру орталығы жаңа жабдықтармен толықты

Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлемеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты орталық жаңа технологиялармен толықты – деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «NCOC» компаниясы облыстық мүгедектерді сауықтыру орталығына бірнеше душ түрлерін және гидромассажды ваннаны тарту етті. Жаңа жабдықтар орталықтың сумен емдеу бөлімшесіне орналастырылды.

- Мүгедектігі бар жандар үшін сумен емдеу терапиясы аса маңызды. Осы уақытқа дейін қолданыста болған жабдықтар ескіріп тұрғандықтан, ем-домды толық жүргізуге қолайсыз еді. NCOC компаниясының қолдауымен жаңа заманауи технологияларға негізделген сумен емдеу жабдықтарына қол жеткіздік. Енді, науқастарға ем-дом жүргізу ыңғайлы және нәтижелі болады деп сенемін – деді орталық дәрігері Зухра Ибрагимова.

e356ac4e-bb55-4b5d-b3c0-64e1bb7514a7

Орталық сыйымдылығы 55 кереуеттік, оның ішінде 20 стационарлық орын, 35 күндізгі стационарға арналған орын бар. Орталық облыс аумағында тұратын 1, 2 топтағы жасы 15-тен асқан мүмкіндігі шектеулі адамдарға емдеу-оңалту шараларын жүргізу арқылы толықтай сырқатынан айықтыруды немесе күнделікті тұрмысқа икемдеуді мақсат етеді. Мұнда жылына 1200 мүмкіндігі шектеулі адамға қызмет көрсетілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT