Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МҚІА Төрағасы: «Қоғам мемлекеттік қызметшілердің бойынан адамгершілік қасиет пен жоғары мәдениеттілікті көргісі келеді»

Бүгін Дархан Жазықбаевтың төрағалығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде а.ж. бірінші жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша мәжіліс өтіп, жиында мемлекеттік қызметті дамытудың өзекті мәселелері пысықталды.

Күн тәртібіндегі маңызды мәселе – әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

Кеңес барысында Агенттік Төрағасы Дархан Жазықбаев «Қоғам мемлекеттік қызметшілерден олардың біліктілігімен қатар әдептілігін, ашықтығын, адалдығын, адамгершілік қасиетін және жоғары мәдениеттілігін талап етеді» деп атап өтті.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылғы қаңтарда Парламент Мәжілісінің отырысында, кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі мәжілісте сөйлеген сөзінде «...мемлекеттік қызмет жүйесін іс жүзінде сервистік және клиентке бағдарланған болуы үшін қайта жаңғырту» қажеттілігін атап өтті.

Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жаңа сын-тегеуріндерді шешу жаңа редакциядағы Әдеп кодексін қабылдауға себеп болды.

Кодексте адал ниеттілік, адалдық, әділеттілік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарлану іспетті мемлекеттік қызметтің әдептілік қағидаттары айқындалды.

«Бұл ретте «клиентке бағдарланған» мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және мемлекеттік қызметтерді көрсетуде ашықтық қағидаттарын сақтау бойынша басым талаптар қарастырылған», –деп атап өтті  Агенттік Төрағасы.

ЖиындаӘдеп жөніндегі кеңестердің жұмыс қорытындылары айтылды. Әдеп жөніндегі кеңестермен 82 отырыс өткізіліп, онда барлығы 542 мәселе қаралды. Оның ішінде, тәртіптік істер – 189, профилактикалық бағыттағы мәселелер – 321 немесе шамамен 60%. Осылайша, Әдеп жөніндегі кеңестердің қызметі көбінесе этикалық нормаларды бұзудың алдын алуға және мемлекеттік қызметшілердің заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

Осы жұмыстың арқасында әдеп нормаларын бұзғаны үшін жазаланған адамдардың саны жыл сайын азайып келеді. Атап айтқанда, соңғы екі жылда олардың саны 2 есе азайған.

Әдеп жөніндегі кеңестермен 2393 ұсыным енгізіліп және 96% орындалды. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 1323 азаматтың құқығы қалпына келтірілді.Әдеп жөніндегі кеңестердің ұсынымдары негізінде 32 мемлекеттік қызметшіге қолданылған тәртіптік жазалардың күші жойылды, 63 тәртіптік іс тоқтатылды.

Жұмыс уақытын жүйелі түрде бұзуға жол бермеу жөніндегі жұмыс нәтижесінде 1047 қызметшіге қосымша демалыс сағаттары берілді. Үстеме жұмысқа заңсыз тартылған қызметкерлерге 38 млн. теңгеден астам ақшалай өтемақы төленді.

 

ҚР МҚІА баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT