Мүгедек баланы тәрбиелеушіге және бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақының мөлшері 2019 жылдың 1шілдеден арттырылады.
Мүгедектігі бар балаларға күтім жасайтын отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетуді күшейту мақсатында 2019 жылғы 1 шілдеден бастап мүгедектігі бар балаларға және 18 жастан асқан бала кезінен бастап бірінші топтағы мүгедектерге күтім көрсету бойынша мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері артады. Аталған жәрдемақылар Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы №63 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңымен реттеледі. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге және бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақының мөлшері биылғы жылдың 1 шілдеден бастап күнкөріс деңгейінің 1,4 еселігі, яғни 41578 теңгені құрайды. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі бұл жәрдемақының мөлшері – 31183 теңге күнкөріс деңгейінің 1,05 еселігі болып табылды.
Сурет: Ашық дереккөз