Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Алтын Орда мұрасы һәм бүгінгі Қазақстан

Әрбір халық өзінің арғы-бергі тарихын өзі жазуы тиіс. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты көлемді мақаласында айтылған ой.

Президент аталған мақаласында тарихи сананы жаңғыртуға қатысты бірнеше рет атап өткен болатын. Ал, бұған дейін Мемлекет басшысы өзінің тікелей бастамасымен Алтын Орданың 750 жылдығын атап өтуді тапсырған болатын. Алтын Орда мерейтойы аясында қасиетті Ұлытау өңірін туристік орталыққа айналдырып, бүкіл әлемнің назарын Жошы ханның ерен еңбегін тануға аудару қажеттігін тілге тиек еткен еді. Ал, осы жылдың басында жарияланған “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты мақаласында сол ойды шегендей түскен Президент осындай тарихи тұлғаларымызды жас ұрпақтың есінде қалдыру үшін тарихи киноларға үлкен мән беру керектігін айтқан болатын. Президенттің аталған мақаласы аясындағы іргелі жұмыстар бүгінде өз жалғасын тауып жатыр. Солардың бірі күні кеше Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада өткен “Ұлық Ұлыс – Алтын Орда: бастауы, тарихы және мұрасы” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны атап өтуге болады. Аталған жиында ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Әскербекұлы арнайы сөз сөйледі. Әуелі аталған конференцияның ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар келуінің үлкен мәні бар екеніне тоқталған Дәурен Абаев осы арқылы мемлекеттілігіміздің пайда болу кезеңіне тағы бір мәрте шолу жасауға болатынын айтып өтті. Ең әуелі мұндай тарихи мерейтойлардың идеологиялық астары терең. Себебі, осыдан алты жыл бұрын, 2015 жылы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақ хандығының 550 жылдығы кең көлемде, республика бойынша аталып өткен болатын. Әрине, мемлекеттің қалыптасуы бір күнде жүзеге асатын шаруа емес.

Сондықтан бұл тұрғыда 1465 жылдың еліміз үшін маңызы мен ауқымы кең. Себебі, сол кезде алғаш рет Керей мен Жәнібек хандар өз алдына Жетісуға бөлек қоныс аударып, қазақ халқының ұлтқа айналуына үлкен еңбек сіңірген болатын. Ғалымдардың зерттеуінде бұл кезең Ұлық Ұлыстың дәуірлеп тұрған уақытынан басталатын көрінеді. Ал, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Білім және ғылым министрлігінің жанынан құрылатын Жошы Ұлысын зерттейтін ғылыми институт та осы мақсатты көздейді. Жалпы алғанда Ұлық Ұлыс әртүрлі тілде сөйлеп, әртүрлі дін ұстанған біраз халықты бір шаңырақ астына біріктіре отырып, ілгері мәдениетті өмірге әкелді. Дәл осы кезеңде қазақ халқының этногенездік негізі қалыптасты.

Сонай Алтын Орда дәуірінен келе жатқан кейбір белгілер қазір де күнделікті өмірде кездесіп жатады. Соның бірі Тәуелсіздік алғаннан кейін айналымға енген төл теңгенің атауы сол кезеңнен алынған. Ал, бүгінгі арқа төсіндегі айшықты астана Нұр-Сұлтан қаласы Ұлық Ұлыс билеушілерінің жалғасы іспетті. Сонымен қатар, Дәурен Абаев Алтын орданың тек өткен дәуірге тиесілі емес екенін айта келіп, ол біздің бүгініміз бен болашағамызы екенін тілге тиек етті. Себебі, бүгінгі барша қоғам болып бет алған бағытымыз да, ортақ мақсат-мұратымыз да Алтын Орда дәуірінен бастау алатын ғасырлық ғұрыптар. Мәселен, солардың алғашқысы – орталықтан басқарыллатын мемлекет. Жошы Ұлысының “Алтын ғасырын” туғызған бұл маңызды шарт өз тәжірибесінде табиғаты қатал, ауқымы кең Еуразия құрлығы кеңістігінде мызғымас билік вертикалі арқылы мемлекет орталықтан басқару арқылы ғана өсіп-өркендейтінін көрсетті. Ал, екіншісі – меритократия. Яғни, Алтын Орда кезеңі адамдарды элита қатарына жеке қасиеттеріне қарай қосты. Бұл сол қоғам мен мемлекеттің басты ерекшелігі еді. Оған – Алтын Орданың беклербегіне айналғанға дейін қарапайым жігіт- батыр һәм би сатыларынан өткен ер едігенің ғұмыры дәлел. Ал, бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан да сонау Алтын Орда дәуіріндегі осы бір қағиданы негізге алады. Онсыз қоғам мен мемлекеттің ілгері қарай дамуы қиындамақ. Үшіншісі ғасырлық ғұрып – тиімділік. Алтын Орда мемлекетінде логистика мен мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесінің бірі жәмшік қызметі болды.

Бұл жүйе кейіннен ғасырлар бойы Ресейде кеңінен пайдаланылды. Сонымен қатар алтын Орда кезеңінен жеткен “даруға” деп аталатын азаматтық әкімшіліктің жүйелі жұмысы да осы сөзге дәлел бола алады. Келесі бізге мұра боп жеткен ғұрып – ғылым-білім ғұрпы. Мәселен, Алтын Орданы Өзбек хан мен Жәнібек хандар билеп тұрған тұста шет елден ғалымдар мен ағартушылар ағылып келіп жатқаны тарихтан белгілі. Сондай-ақ, сол кезеңде көптеген медреселер салынып, ол жерде діннен бөлек медицина, математика сындыды тағы басқа көптеген ғылымдар игеру жолға қойылды. Бесінші ғасырлық ғұрып – диалог мәдениеті. Еуразияның кіндігінде орналасқан алтын орда мемлекетінде әуел бастан діни сенімі мен салт-дәстүрі бөлек, иілі әртүрі халықтар өмір сүрген. Сол халықтардың екі жүз жыл бойы бір мемлекетте тіршілік етуі олардың өзара біте қайнасып кетуіне себеп болды. Бұл өз кезегінде рухани байлық пен диалог мәдениетінің сондай-ақ, өзгеге деген құрметтің ерен үлгісіне айналды. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның этносаралық қатынастарды реттеу тетігінің моделін сол Алтын Орда кезеңінің үлгісінен алынған деуге негіз бар. Айта кетерлігі мұндағы бірлік деген – біркелкілік емес. Алтыншы ғұрып – халықаралық медиация мәдениеті. Яғни, Алтын орда мемлекеті Шығыс пен Батысты жалғаған көпір секілді болды. Ұлы Жібек жолының слотүстк бағытын мекендеген алып империя өркениеттер арасындағы диалогты тек материалдық құндылықтармен ғана емес, инновация мен идеялар негізінде дамытты. Айта кетсек, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының Біріккен Ұлттар ұйымы бас ассамблеясының мінберінен таныстырған “Үлкен Еуразия” жобасы сол алтын Орда мемлекетінің саясатынан бастау алады. Жетінші ғасырлық ғұрып – адами құндылық. Алтын Орда мемлекетінде мемлекеттік басқарудың орталықтандырылған жүйесіне қарамастан, ол ешқашан қоғамның өзегін билікке деген қорқыныш емес, халықтың имани түпнегізі құрады. Ал, қазіргі біздің қоғамның да өзегі – рухани құндылықтар мен имандылық екені ақиқат.

 

Abai.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521