Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ұлттық қор - ұрпаққа мұра

Елімізде қазір аса ауқымды саяси-əлеуметтік сипаттағы реформалар жүріп жатыр.

Қоғамның барлық саласы жаңғыртылып, қайта құрылымдануы тиіс. Бұл ретте ел азаматтарының табысын арттыру жəне оларға қолайлы əлеуметтік жағдай жасау – басты міндет. Осы ретте, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнайы жинақ шотына аударуды ұсынған болатын. Бұл – халықтың əлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған басты өзгерістің бірі болмақ. Өйткені, арнайы есепшотқа түскен қаражат бала 18 жасқа толғанша ешкімге берілмей, жинақтала береді. Кейін бала кəмелет жасына толған соң əлгі ақшаға білімін жетілдіреді немесе баспана алады. Яғни, енді ел азаматтары кəмелет жасына толған шақта белгілі бір деңгейде жинағы бар, ертеңіне сенімді азамат болып өседі. Бұл өскелең ұрпақтың үлкен өмірге енді ғана қадам басқан сəтте кездесетін қаржылық қиындықтарды еңсеруіне үлкен демеу болары анық. Игі бастама 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады. Бұл біздің балаларымыздың болашағы үшін мемлекет тарапынан жасалынып жатқан үлкен қамқорлық деп білемін. Эльмира МҰҚАШКЕРЕЕВА, "Altyn bala" балабақшасының директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT