Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ұлттық болмысымызды айшықтайтын істер

Ұзақ жылдар мемлекеттік қызмет саласында жұмыс жасап, ауданымыздың дамуына үлес қосқаннан кейін қазіргі жасалып жатқан жұмыстарға көңіл аударып отырамын. 

Ізімізді басқан кейінгі буынның беталысы жақсы. Мысалы, облыс бойынша айтсақ, өткен жылы өңіріміздің мәдениет саласында алты мыңдай мәдени іс-шара, қолөнерді дәріптейтін фестиваль, арнайы кештер, конференциялар мен байқаулар өткені ұлттық өнерімізді дәріптеуге үлкен серпін бергені анық. Ол биыл да жалғасын тауып, мемлекеттік гранттық тапсырыс аясында әлеуметтік маңызы бар 12 креативті жобаны жарыққа шығару жоспарланыпты. Бұл жөнінде Атырау облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басқарма басшысының орынбасары Арман Әділғалиевтің Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі хабарламасынан естіп, көңіліміз толды.

Осының бәрі ұлттық мәдениетімізді дамытуға деген қамқорлық, оның көгінде жаңа жарық жұлдыздарды жағатын, жас ұрпақты туған елін сүюге баулитын шаралар екені айдан анық. Жасалып жатқан жұмыстар, мәдениетімізді, тілімізді, ұлттық болмысымызды айшықтайтын игі істер жалғасын таба берсін.

Зерек Сағыпазова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT