Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ұлтты ұйыстырған жиын

Өткен аптада Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында белсенділер күні бойы төрт түрлі бағыттағы мәселені негізгі отырыс алдында талқылады.

Алғашқы мәдениет, өнер, руханият секциясында көтерілген ұтымды ұсыныстар қатарында Елорда төрінде Абай орталығын ашу, ата-анасын қарттар үйіне жіберген ұрпаққа алимент төлеуді міндеттеу, көшпенділер мәдениетінің жарқын үлгісі ретінде жылқы түлігін ұлықтау, «Тұлпар» күнін белгілеу сынды келелі ой-пікірлер айтылды.

Қазақстан ұлттық ғылым академиясының академигі А.Жұмаділдаев қазіргі қоғамда реализм, қоғамды алға жылжыту үшін елімізде ең алдымен 5 инсти­тут ашу керектігін, ол үшін біріншіден, қолданбалы филология институтын, екіншіден, қытайтану институтын, үшіншіден, энергетиканың жаңа техноло­гия институтын, төртіншіден, инженерлік генетика институтын, бесіншіден, жасанды интеллект институтын ашуды ұсынған екен.

Биыл Құрылтайдың Бурабайда шақырылуы тегін емес. Бұл өңір қазақ тари­хында Абылай хан талай рет орда тігіп, тағдырлы шешімдер қабылдаған мекен ретінде белгілі. Осымен төртінші мәрте өткізіліп отырған Ұлттық құрылтай осы аз ғана уақыт ішінде ел дамуына ықпал ететін, қоғамдық пікір қалыптастыратын тұрақты диалог алаңына айналып үлгерді.

Жанар ТӨЛЕШОВА,

аудандық кітапхананың кітапханашысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT