Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Әлеуметтік серіктестікті дамыту жөніндегі меморандумға қол қойылды

«Атырау облысының әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу саласында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды»,-деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Маңызды құжат әлеуметтік-еңбек саласын тиімді дамытуға және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға үлес қосу мақсатында әзірленген.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбековтің сөзінше, жергілікті билік «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірге туындаған еңбек даулары мен өзге де өзекті мәселелерді бірлесе шешуді қолғ алады.

Өз кезегінде қор әкімдікке, жұмыс берушілер қауымдастығы мен ірі өндірістік компаниялардың өкілдеріне, сондай-ақ кәсіподақ ұйымдарына «Әлеуметтік тұрақтылық индексін» анықтау тәжірибесін таратуда қолғабыс көрсетуге міндет алады.

Өз кезегінде «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі Басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов «бұл құжат бойынша бұдан былай Қордың портфельдік компанияларында туындайтын проблемалық мәселелер, әсіресе қызметкерлер мен топ-менеджерлер арасындағы еңбек даулары тікелей Басты мекеме назарында болатындығын және назарда ұсталатындығын көрсетеді»,-деді. 

Сондай-ақ қор «Кәсіподақ белсенділерінің корпоративтік мектебі» жобасы аясында кәсіподақ жетекшілері мен келісім комиссияларының өкілдері үшін оқыту семинарларын өткізбек.

«Самұрық-Қазына» АҚ делегациясы құрамында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары  Құрманғазы Есқазиев,

әлеуметтік және еңбек қатынастары секторының меңгерушісі Қадырбек Егізбаев пен Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының бас директоры Елдос Өмірзақов бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT