Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Әлеуметтік салық алынып тасталды

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыруымен өткен аптаның сейсенбісі күні «Арман» мәдениет үйінде салық төлеушілерге арналған «Салық және кеден заңдылықтарындағы өзгерістер мен толықтырулар» туралы семинар өтті.

Жиынды ашып жүргізген аудан әкімінің орынбасары Айдулат Кенжебеков алдымен семинардың мақсатын түсіндірді. Бұдан кейін сөз алған облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы Нұрболат Сармановтың айтуынша, салық кодексі – салық салу идеологиясын өзгертіп, салық төлеушілерді қорғауға, экономиканың маңызды салаларын ынталандыруға, әкімшілік қызметті жеңілдетуге бағыт алды. Нәтижесінде халық салықты өз бетінше төлеуге ынталанды. Салық кодексінде шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолданыстағы арнайы салық режімдері сақталған. Ал, жаңадан ұсынылған баламалы режім – айналымы үлкен болса да, табысы аз кәсіпкерлер үшін тиімді. Шығыстарды есепке алу арқылы жеңілдіктер беру қарастырылған. Әлеуметтік салықтың мөлшерлемесі 11 пайыздан 9,5 пайызға дейін төмендеді. Сондай-ақ, енді азаматтар кәсіп бастауы үшін тіркелуі міндетті емес. Тек кәсіп бастағаны туралы салық органына ескертіп хабарландыру жібереді. Кәсіпті қайта тіркеушілер де солай. Ал, еңбекақы төлеу қорына жүктемені төмендету үшін шаруа қожалығының басшысына, мүшелеріне және жұмысшыларына салынатын әлеуметтік салық алып тасталды. Келер жылдан бастап шағын және орта бизнес үшін талап қою мерзімі 5 жылдан 3 жылға қысқартылады. Ал, кеден кодексі бойынша декларациялау мен бақылау уақыты азайтылды. Яғни, декларациялау мерзімі 24 сағаттан 4 сағатқа дейін, жалпы бақылау жұмысы 10 күнен 5 күнге дейін қысқарды. Сондай-ақ, салық кодексі қазақстандықтарға шетел көлік құралын 1 жылға дейін уақытша әкелуге мүмкіндік берді. Бұрын бұл мерзім 6 айға дейінгі уақытпен шектелетін. Бұдан кейін аталмыш басқарманың бас маман Гүлжан Кабдрахманова көлеңкелі бизнестің алдын алу, бірыңғай жиынтық төлем жайлы түсінік беріп, салық міндеттемені мерзімінде орындауға және салықтық рақымшылық мүмкіншілігін пайдалануды тілге тиек етті. Семинар барысында қатысушылардың қойған сұрақтарына түсініктемелер берілді.

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT