Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағытында жүйелі түрде жұмыстар атқарады.

Мәселен, Департаментке Атырау қаласының тұрғыны «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру» мемлекеттік қызметін қағаз жүзінде көрсетуге қатысты шағымын түсірді. Бұл ретте, қызмет алушыға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалымен «Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры» ақпараттық жүйесіндегі өтініміндегі жер телімінің шекарасымен қала әкімі шешімінде көрсетілген шекарасының көлемдері сәйкес келмеуіне байланысты бас тартылған.

Атап өту қажет, Қағидаға сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту незігі болып-көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және олардағы деректердің дұрыс еместігі болып табылады. Бұл орайда, Департаментпен Филиалға тиісті хат жолданып, нәтижесінде қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің оң нәтижесі электронды түрде ұсынылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT