Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

КӘСПКЕРЛІККЕ ТЫҢ СЕРПІН

сурет ғаламтордан алынды

Елімізде кәсіпкерлік саласын дамыту Президент Жолдауында айтылған бжеті бағыттың бірі екендігі белгілі.  Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Кәсіпкерлер елімізді цифрлық дамытудың қозғаушы күші болуы тиіс» деп атап өтіп, шағын және орта бизнестің  ішкі жалпы өнімдегі үлесі 40 пайызға, ал жұмыспен қамтудағы үлесі 50 пайызға жуық екендігін жеткізді.  

Сонымен қатар, президент назарына кәсіпкерлікке қатысты заң нормаларының бір-біріне қарама-қайшылығы көптеген  бизнестің дамуына кедергі келтіріп отырғандығы да ілінді. Бұл мәселені шешу үшін заңды кәсіпкерлердің қажетіне қарай бейімдеп, жергілікті атқарушы органдар нәтижеге жұмыс істеп,  жасанды интеллект технологиясын енгізу арқылы кәсіпкерлік саласын жаңғырту қажеттілігі айтылды. Бұл кәсіпкерлердің бәсекеге  қабілеттілігін арттыруға үлкен жол ашады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы кәсіпкерлерге арналған  мемлекеттік қолдау шараларын әлі де  жетілдіру қажеттігіне мән берді.

Президенттің басым тапсырмалары аясында биыл ауданда ауылды дамытуға  арналған «Бизнес аймақ» бағдарламасына сай 11 кәсіпкер 177,0 миллион теңге қаржы алып, бизнестерін жүргізуде. Қорыта айтқанда, Жолдауда айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында кәсіпкерлермен бірге жүйелі жұмыстарды жалғастыра беретін боламыз.

Зинеш САРБУФИЕВА,

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT