Мемлекет басшысы Қасым— Жомарт Тоқаевтың жолдауында 2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы ретінде жарияланды. Бұл шешім ел экономикасының дамуында жұмысшы мамандықтардың маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі ұжымы Жолдауды толығымен қолдайды. Осы ретте Президент жолдауы кәсіптік білім беру жүйесін нығайту мен еңбек нарығы үшін білікті мамандар даярлау, кәсіптік-техникалык білім беруді дамыту және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған батыл қадам деп білеміз. Бұл жыл жұмысшылардың мәртебесін арттырып, олардын енбегіне қоғамның назарын аударатын кезең болмақ. Қолдау мен қамқорлыктын арқасында жұмысшы мамандардың беделі артып, Қазакстанның экономикалық әлеуеті одан әрі дами түседі.
Құрылыс, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп сияқты кез келген салада аянбай еңбек етіп жүрген жұмысшылар қоғам үшін қажет. Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау айрықша өзекті мәселе екенін де мемлекет басшысы айтып өтті. 1958 жылдан бастап ірге тасы каланған Сарайшық кәсіптік-техникалык училищесі (бүгінгі колледж) Казак КСР Министрлер Кеңесінің 1958 жылгы 22 сәуірдегі №632-Р нұскауына сәйкес және облыстык еңбекшілер депутаттары кеңесінің шешімімен «Сарайшық ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесі» болып жұмысын жалғастырды. Алғашқыда бір, екі, жылдык оқу мерзімімен тракторшылар, жүргізушілер және жөндеуші слесарьлар даярланды. 1971 жылдан бастап арнаулы мамандықтармен қоса орта білім беретін оқу орнына айналандырылды. Бастапкы кұрылган жылдардан бергі мерзімде «Кең көлемді трактор-машина жүргізушісі», «Мал шаруашылығының механизаторы», «Ауыл шаруашылығындағы техникаларды жөндеуші жөндеуші слесарь», Мал шаруашылығындағы электромонтер, алты айлык оқу мерзімімен «Трактор жүргізушісі», «Жеміс өсіруші», бес айлық оқу мерзімімен «Комбайн жүргізушісі», үш жылдық оқу мерзімімен «Бухгалтерлік есеп», «Бухгалтрелік есеп және шаруашылык әрекетке талдау», «Бухгалтер-эконмист», «Жеміс-жидек өсіру шебері», «Шаруа жэне фермер кожалықтарын ұйымдастырушы», «Компьютерде жумыс жасай алатын, ағылшын тілін меңгерген бухгалтер», «Фермер-арендатор»,«Автомеханик», «Жинақ банкісінің бақылаушысы, кассир» мамандықтары бойынша 2500-ға жуық мамандар даярланды. Осы уақыт ішінде оқу орнынан қанат қаққан түлектер Атырау облысы мен Махамбет, Исатай, Индер, Қызылқоға, Жылой аудандарында, әр түрлі салада абыроймен еңбек етуде.
1985 жылы оның атауы №10 орта кәсіптік-техиикалык училище болып өзгерді. 1993 жылы оку орнының базасында «Кәсіби дайындық курсы пәндерін жүргізу методикасы» деген тақырып бойынша аймақтық республикалық семинар өтті. 1996 жылғы 8 тамызда Атырау облыстық білім баскармасының .№165 бұйрығына сәйкес, оқу орны №7 кэсіптік тсхникалық мектеп болып жасақталып, одан әрі де нәтижелі жұмыс жасады. Ал аталмыш басқарманың 2003 жылғы 18 шілдедегі №327 бұйрығы бойынша №7 кәсіптік мектеп болып өзгерді. Одан әрі заман талабына сай 2007 жылы №10 кәсіптік лицейге айналды. Арманшыл ұрпактардын алтын ұясы болған оку орны 2012 жылы «Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылык колледжі» деген атауға ие болды, 2013 жылы 23 қаңтарда Атырау облысы әкімдігінің № 21 қаулысымен «Махамбет көпбейінді ауыл шаруашылық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгеріп, жана бағыттағы бағдарлама бойынша жұмыс істеумен қатар, өткеннің игі дәстүрлерін де жас мамандардың санасына сіңіруде педагогикалық ұжым жемісті енбек етуде. Қазіргі таңда «Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі» КМҚК-ны 141 студентке сапалы білім, саналы тәрбие беріп, ауылшаруашылығына қажетті жұмысшы мамандарын даярлап отыр. Колледж ұжымы осы жолдауда берілген бағыт-бағдарлар бойынша нұскауды тиімді колданып, жұмысшы мамандарының мәртебесін арттыру үшін жұмыс жасау басты міндетіміз деп санайды. Мемлекет басшысы өз жолдауында айтқандай, жұмыстың жаманы жоқ. Кез-келген енбек қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқару нәтижесінде еліміздің дамуына салмақты үлек қосады деп ойлаймыз. Жұмысшы мамандықтар жылы - маман тапшылығы шешіліп, білікті кадрлардың артуына ықпал етеді деген үміт бар. Мемлекеттік ынталандыру шаралары, соның ішінде колледждерде оқытуды қаржыландырудың 2 есеге ұлғайюы, жұмысшы кадрларға арналган ипотекалык багдарламаның іске қосылуы секілді қолдау түрлері жастардын жұмысшы кәсіптерін саналы түрде таңдауына септігін тигізеді деп санаймыз. Бүгінгі таңда біздің оқу орнының түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі 74%-ды құрайды. Сонымен катар, біздін оқу орнымызда дуальды окыту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Студенттеріміздің 60% тәжірибе, 40%-ы білім беру ұйымында. Осы арқылы олар кәсіпорындарда тәжірибеден өтіп, кейін сол жерлерде жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Қүні бүгін колледж бойынша жалпы төрт оқу шеберханасы жұмыс жасайды. Олар «Күтім және жөндеу шеберханасы», «Тегершік жөндеу», «Құрлысшы», «Газ, электрмен дәнекерлеуші», 1 цех «Аспаз».
Колледжде студеттер үшін барлық жағдайы жасалған 75 орынға арналған екі жатақхана кітапхана, көркеменерпаздар үйірмесі өтетін акт залы, асхана және спорттың алты түрінен секциялар өтетін спорт және гимнастика, оқу залдары, демалыс бөлмесі, арнайы жуынатын бөлмелер жұмыс істейді. Олар тиісті құрал- жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Студенттердін сабақтан тыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиешілер оқу-тәрбие жұмыстарының жоспарына сәйкес жатақхана кеңесімен бірлесіп түрлі іс-шаралар өткізеді. Осыған орай жұмысшы мамандыктар жылында ауылшаруашылығы саласы мамандарын даярлайтын колледжіміз үшін мол мүмкіндіктер ашылады деген ойдамыз.
Жанболат Сұлтанғалиев,
Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің директоры