Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Кәсіпкерлерге қолдау күшейді: Атырауда салық жүктемесі екі есе азайды

«AMANAT» партиясының Атырау облыстық филиалының бастамасымен шағын және орта бизнеске арналған оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимінің мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға төмендету бойынша жұмыстар жүргізілді.

abc9c475 6992 468e 8295 8509a632c375 1

Нәтижесінде Атырау қаласы мәслихатының шешімімен аталған салық мөлшерлемесі ресми түрде 2%-ға төмендетілді. Бұл қадам кәсіпкерлер үшін айтарлықтай қолдау болмақ. Жаңа мөлшерлеме бизнес субъектілеріне тұрақты жұмыс істеуге, қызмет аясын кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Партия өкілдерінің айтуынша, бұл — әсіресе қызмет көрсету және сауда саласында еңбек ететін кәсіпкерлер үшін тікелей жеңілдік. Төмендетілген салықтық жүктеме бизнестің дамуына қосымша ресурс ұсынып, өңірдегі кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға жол ашады.

Жеке кәсіпкер Ләззат Досмағамбетова бұл өзгерісті маңызды қадам деп бағалайды.

– Бұл жаңалық кәсіпкерлердің көлеңкелі бизнестен шығып, салықты ашық әрі жүйелі төлеуіне үлкен мүмкіндік береді. Салық мөлшерлемесінің төмендеуі бізге шығынды оңтайландырып, қызметімізді кеңейтуге жол ашады. Қалалық мәслихаттың бұл қолдауына ризамыз. Бізді тыңдап, біз үшін нақты шешім қабылданғанына қуаныштымыз, – дейді ол.

Облыстың аудандары бойынша да тиісті шешімдер жыл соңына дейін қабылданады деп күтілуде.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT