Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндік: eGov Business қосымшасы жаңартылды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда бизнестің мемлекетпен өзара іс-қимылын жеңілдетіп, оның қызметінің барлық кезеңінде цифрлық шешім енгізуге арналған кешенді цифрлық экожүйе қалыптастырылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы бағыттағы негізгі қадамдардың бірі – eGov Business веб-порталының іске қосылуы және оның мүмкіндіктерін мобильді қосымшаға шығару.

Қосымшаның функционалын дамыту аясында негізгі ақпараттық жүйелер біріктіріліп, мемлекеттік қолдау шараларының тізілімі жасалды. 2025 жылғы 5 маусымда «eGov Business» қосымшасының desktop-нұсқасы іске қосылып, бизнеске арналған сервистердің қолжетімділігі кеңейтілді.

Бүгінде eGov Business платформасында 33-тен астам мемлекеттік қызмет пен сервис ұсынылады. Қосымша арқылы көрсетілген қызметтердің жалпы саны 3 млн 580 мыңнан асты, ал тіркелген пайдаланушылардың саны 73 мыңнан жоғары болды.

Жаңартылған интерфейс пен кеңейтілген функциялары бар қосымшаның жаңа нұсқасы шығарылып, ол App Store және Google Play арқылы жүктеуге қолжетімді.

Қазіргі уақытта платформа мемлекеттік қолдау шараларының тізілімі бойынша деректерді интеграциялауға дайын. Бұл кәсіпорындарға біртұтас цифрлық кеңістікте барлық қолдау түрлері жөнінде толық ақпарат алып, оларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, портал аясында қызметтер маркетплейсі құрылуда. Ол отандық өндірушілерге жаңа нарықтар мен өткізу арналарына шығуға жол ашады. Сонымен қатар веб-портал мен мобильді қосымша жаңғыртылып, бизнеске арналған сервистер тізімі кеңейтілуде және кәсіпкерлік саласындағы заманауи цифрлық талдау жүйесі қалыптастырылуда.

"Бәйтерек "ҰБХ" АҚ холдингінің еншілес ұйымдарындағы процестерді цифрландыруға ерекше назар аударылады. Мәселен," Аграрлық несие корпорациясы " АҚ өтінімдерді қабылдау үшін agronesie.kz порталын, Аgrocredit мобильді қосымшасы мен ақпараттық қауіпсіздік бойынша аттестаттаудан өткен ішкі ВРМ-жүйесін енгізді. Корпорацияның сервисі 90-нан астам мемлекеттік деректер базасымен біріктірілген. Бұл бірқатар құжаттың қағаз нұсқасынан бас тартуға мүмкіндік берді.

2025 жылғы қаңтардан бастап "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ Smart-10 онлайн-кредиттеу жүйесін пилоттық режимде іске қосып, сәуірден бастап, оны бүкіл филиалдық желіге таратты. 1 шілдеге қарай сервис Smart-30, Smart-50, соның ішінде "Кең Дала" бағдарламасы бойынша көктемгі егіс пен егін жинауды қаржыландыруды барлық бағытта іске қосты. Бұл аграрлық кредиттеуді цифрландырудағы маңызды қадам болып отыр.

"ҚазАгроҚаржы" АҚ небәрі 10 минут ішінде ауыл шаруашылығы техникасы лизингіне шешім алуды қамтамасыз ететін инновациялық цифрлық сервис енгізді. Жасанды интеллект технологиясына негізделген жүйе құжатты автоматты түрде танып, белгілі бір шарттар орындалған кезде оны жедел қарауға жібереді. Сервисті танымал ету үшін өңірлерде көшпелі презентациялар өткізіліп, аграршыларға оның мүмкіндіктері көрсетілді. Бұл ретте өтінімдердің дәстүрлі қағаз форматы да сақталады.

Жаңа сервисті іске қосу "ҚазАгроҚаржынының” цифрлық трансформациясы бағдарын жалғастырды. 2024 жылы компания ЖИ қолдана отырып, лизингтік техниканың онлайн-мониторингі жүйесін енгізді. Бұл көшпелі тексеруден қашықтықтан бақылауға көшуге мүмкіндік береді. Осылайша жұмыс тиімділігі артады.

Ұлттық экономика министрлігі мен даму институттары қабылдайтын цифрландырудың кешенді шарасы Қазақстанда бизнес-процесті неғұрлым ашық, жылдам әрі қолжетімді ететін заманауи цифрлық инфрақұрылымды қалыптастырмақ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT