Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Құрманғазыда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды

Атырау облысының Құрманғазы ауданына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің Кеңесшісі Ералы Тоғжанов «Ауыл аманаты» бағдарламасының орындалуы туралы жиын өткізді. Кездесуде ауыл тұрғындарының табысын арттыру, кооперацияны дамыту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері қаралды.

Ералы Тоғжанов қатысушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, бағдарламаның тиімділігін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берді. Оның айтуынша, «Ауыл аманаты» – ауыл халқының әл-ауқатын көтеруге арналған маңызды жоба, және бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса бермек.

Жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Марат Хасанов, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің төрағалары және жауапты сала мамандары қатысты.

Аудандық Кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Нұрлыбек Төлептің айтуынша, 2023 жылы басталған бағдарлама аясында 200-ге жуық кәсіпкер несие алуға ниет білдіріп, ішінен 36-сы қолдау тапқан. Оларға 2,5 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беріліп, қаржы мал шаруашылығын дамытуға, жаңа техника және өңдеу жабдықтарын алуға бағытталған.

Сапар барысында Ералы Тоғжанов Еңбекші ауылдық округіндегі «Сандуғаш» шаруа қожалығында болды. Мұнда кәсіпкер Асылбек Еділбаев 20 гектар жерге көкөніс пен бақша өнімдерін еккен. Маусымдық кезеңде ол 30-ға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Әр гектардан орта есеппен 150 тонна қауын, 100 тонна қарбыз, 150 тонна қызанақ және 20 тонна қияр жиналуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT