Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Концлагерь тұтқынында болған атыраулыққа 1 миллион теңге беріледі

Атырау облысында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан көзі тірі майдангер қалмады. Бірақ соғыс кезінде концлагерьдің тұтқынында болған Екатерина Абсатырова тұрады, деп жазады Egemen.kz.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Әлфия Төлеғариеваның айтуынша, Жеңіс күніне орай ардагерлерге әлеуметтік көмек көрсету көрсету көзделіп отыр.

«Атырау қалалық және аудандық мәслихаттардың шешіміне сәйкес соғыс кезінде орден-медальдармен марапатталған 21 тыл ардагеріне 100 мың теңге, марапатталмаған 872 адамға 50 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Соғыс кезінде концлагерь тұтқынында болған Екатерина Абсатыроваға 1 миллион теңге беріледі. Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болған боздақтардың, не мүгедектерінiң, соларға теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайына 60 мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету көзделіп отыр. Қазір осы санаттағы тізімде 26 адам бар», деп мәлімдеді Әлфия Төлеғариева.

Оның айтуына қарағанда, Жеңіс күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек алатындарға медициналық, коммуналдық жеңілдіктер және басқа да қолдаулар қарастырылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT